Жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып.шеберлігін дамыту мақсатында тәлімгер ұстаздар үздіксіз қызмет атқаруда!Тәлімгер Каблашева Г.К ның тәлім алушы жас маман Аманкелді Айжан Аййынқызмен жүргізген жарты жылдық есебі. » "Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі "мемлекеттік мекемесінің "C.Сейфуллин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"С.Сейфуллин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып.шеберлігін дамыту мақсатында тәлімгер ұстаздар үздіксіз қызмет атқаруда!Тәлімгер Каблашева Г.К ның тәлім алушы жас маман Аманкелді Айжан Аййынқызмен жүргізген жарты жылдық есебі.
08
декабрь
2021

Жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып.шеберлігін дамыту мақсатында тәлімгер ұстаздар үздіксіз қызмет атқаруда!Тәлімгер Каблашева Г.К ның тәлім алушы жас маман Аманкелді Айжан Аййынқызмен жүргізген жарты жылдық есебі.

Тәлімгер мұғалімнің жас маманға әдістемелік көмек көрсету мақсатында атқарған жұмыстары туралы есеп.


Жас маман: Аманкелді Айжан Айдынқызы

Тәлімгер: Каблашева Гульмира Каленовна

  Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде жас маманға көмек көрсету ерекше мәнге ие болып отыр. Бұл жас педагогтің барынша қысқа мерзімде ортаға бейімделіп, практикалық қызметін тәжірибелі мұғалімдердің іс тәжірибелері негізінде өз білімін көтеруге,ұстаздық  тәжірибесінің ұшталуына жағдай жасау.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24.04 №160 бұйрығына сәйкес тәлімгерге қойылатын талаптарды ескере отырып, мектеп әкімшілігінің бұйрығы негізінде 2021-2022  оқу жылында мен Каблашева Гульмира Каленовна, жас маман Аманкелді Айжан Айдынқызына тәлімгер  болып тағайындалдым.Тәлімгер ретінде негізгі  мақсат пен міндеттерді анықтадым.

Мақсат:  

Жас маманның кәсіби шеберлігін қалыптастыра отырып, ізденімпаздыққа, іскерлікке дағдыландыру.

Міндеттер:

• Жас маманның қажеттілігін үздіксіз қалыптастыруды жалғастыру, оқытудың жаңа түрлерін меңгерту, әдіс-тәсілдерді қолдануды үйрету.

• Жоспарланған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту формасы мен түрлерінің сабақ барысында қолданылуын қадағалау.

Жас маман Аманкелді Айжан Айдынқызымен І жарты жылдықта жүргізілгген жұмыстар бойынша атқарылған істерге талдау:

  1. Қыркүйек айының басында жас маманды мектептің жұмыс режимімен таныстырдым. Мектеп пен мұғалім арасындағы келісім шартты оқып талқыладық. Педогогикалық этикет нормаларын таныстырдым. ҰМЖ және ҚМЖ құрастырылуы бойынша әдістемелік көмек көрсеттім. Мектеп құжаттарын толтыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жасадым. Kundelik.kz, Bilimland.kz порталдарымен жұмыс жасау жолдарын бірлесе талқыладық.
         Қазан айында жаңа оқу жылындағы балдық жүйенің шкаласымен таныстырып,оқу тапсырмаларын дайындау тиімділігін үйреттім.
         Жоспарға сәйкес жұмыс барысында кездескен қиындықтарын анықтау мақсатына сай сауалнама алып,кәсіби шеберлігінің деңгейіне саралау-талдау жасадым, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану жолдары туралы мағлұмат бердім.  Жас маманның сабағына қатысып әдістемелік көмек берілді. Атап айтсақ, Айжан Айдынқызының 7-сыныппен өткізген «Заттардың тасымалдануының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы» атты сабағына  және 8 «Б» сыныппен өткізген  «Тістердің құрылысы мен қызметі,олардың гигиенасы», «Адам ағзасы үшін негізгі дәрумендердің маңызы»атты   сабақтарына қатысып, тәжірибелік әдістемелік көмек көрсетілді.
          Қараша айында жас маманмен: Оқушы дәптерімен,күнделігімен, жеке іс-қағаздарымен қалай жұмыс істеу керек екенін талқыладық және 6 «Ә» сыныбында өткізген «Қарапайым және күрделі заттар», 6 «А» сыныбында «Заттардың балқу және қайнау температурасы» атты сабақтарына қатыстым,әдістемелік талдау жасалынды.Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқыту формасы мен түрлерінің сабақ барысында қолданылуын сараладық. Жас  маманның сабақ жоспарын бірлесе дайындап, тиімді өтуіне әдістемелік көмек көрсетілді. БЖБ және ТЖБ тапсырмаларына қорытынды шығару жолдарын,бағалау шкаласын үйретіп,талқыладық.
            Желтоқсан айында кезекті кездесу барысында жоспар бойынша жас маманға І жарты жылдық қорытындысын шығару бойынша,жиынтық бағалау қорытындыларын жасау, мониторинг шығару бойынша  бағыт-бағдар көрсетілді және  7 «Ә» сыныбында өткізілген « Қан айналымы мүшелері» және «Фотосинтезге қажетті жағдайлар» атты сабақтарына қатыстым, әдістемелік талдау жасадым.

             Жоспар бойынша І жартыжылдық талдау бойынша жас маманның оқу бағдарламасының орындалу тәртібін бақылап, жұмыс жоспарының сәйкестігін қадағаладым. Іс-қағаздармен жұмыс жүргізуді үйретіп,көмек көрсетілді. Атап айтсақ Айжан Айдынқызы мектепішілік, аудандық іс-шараларға,қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Мектептің кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі, аудан тарапынан ұйымдастырылған мұғалімдер арасындағы өткен спорттық сайыстар, оның ішінде волейбол жарысына белсенді атсалысты. Айжан Айдынқызы кәсіби білімін шыңдау үшін Байысов мектебінде ұйымдастырылған «Жас мамандарды педогогикалық жаңашылдыққа үйрету»  тақырыбындағы семиннарға қатысты.  Жас маман оқушыларын білім нәрімен сусындата отырып, оқушылардың өз пәніне деген қызығушылығын арттыруда. Атап айтсақ, 8 сынып оқушылары Амантайқызы Ақмарал және Шерхан Ақерке мектепішілік пән олимпиадасында жүлделі 1-ші және 2-ші орындарға ие болды.




Бірінші жартыжылдық бойынша жас маманмен жүргізілген жұмыстың   қорытындысы

Жас маманның бейімделу кезені сәтті өтті. Жас маманға мектеп әкімшілігі мен педагог-тәлімгердің теориялық нұсқамасы, кәсіби шеберлігін арттыруға көмектесті.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив