16
апрель
2026
Рейд жұмысы сағат 20:00–22:00

Тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, беймезгіл уақытта көшеде жүрудің алдын алу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында мектеп әкімшілігі тарапынан кешкі рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Рейд жұмысы сағат 20:00–22:00 аралығында ауыл аумағында жүргізілді. Іс-шараға мектеп әкімшілігі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, педагог-ұйымдастырушы және ер мұғалімдер қатысты.
Рейд барысында кәмелетке толмаған оқушылардың тұрғын үйлері мен қоғамдық орындары бақылауға алынып, оқушылардың беймезгіл уақытта көшеде жүру фактілері анықталмады. Ата-аналармен алдын алу түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқықтық жауапкершілік туралы мәлімет берілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру. Кешкі рейд өз деңгейінде ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес орындалды.