23
апрель
2026
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Құрметті ата-аналар!
2025–2026 оқу жылының аяқталуына, соның ішінде «Соңғы қоңырау» мерекесі мен қорытынды аттестаттау кезеңінің өтуіне байланысты, Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп әкімшілігі төмендегі талаптар мен ескертулерді назарларыңызға ұсынады:
📍Педагогикалық әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге сыйлық жасауға, түрлі қаражат жинауға немесе басқа да материалдық қолдау көрсетуге қатаң тыйым салынады.
📍Мектеп бітіру іс-шараларына аниматорлар, мерекелік агенттіктер, студиялар және басқа да ақылы қызметтерді тартуға жол берілмейді.
📍Мектептің жөндеу жұмыстары немесе шаруашылық қажеттіліктері үшін оқушылар мен ата-аналардан қаражат жинауға қатаң тыйым салынады.
📍Оқушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік шеруін ұйымдастыруға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, демалыс орындарына және басқа да қоғамдық орындарға жаппай баруға рұқсат етілмейді.
📍Мектеп аумағында немесе одан тыс жерлерде ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға және осы мақсатта ақша жинауға жол берілмейді.
📍 Қорытынды аттестаттау кезеңінде мектеп формасын сақтау, тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын қатаң орындау міндетті болып табылады.
Ескерту:🖍️
Аталған талаптар 4, 9, 11-сынып оқушыларына және олардың ата-аналарына бірдей дәрежеде қатысты.
Қауіпсіздік пен тәртіп – баршамызға ортақ жауапкершілік екенін ескерулеріңізді сұраймыз.
Құрметпен,
Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп директоры
Толымбекова В.#eskeldi_bilim #zhetysu_bilim