09
январь
2026
Мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен және жауапты қызметкерлердің қатысуымен мектепке жақын орналасқан дүкендерге оқушыларға зиянды болып саналатын түрлі заттардың сатылмауын ескерту жұмыстары

Мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен және жауапты қызметкерлердің қатысуымен мектепке жақын орналасқан дүкендерге оқушыларға зиянды болып саналатын түрлі заттардың, атап айтқанда энергетикалық сусындар, алкоголь өнімдері, темекі және басқа да тыйым салынған немесе денсаулыққа зиянды өнімдердің сатылмауын бақылау және алдын алу мақсатында түсіндірме жұмысы жасалды.
Дүкен иелерімен және сатушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен санитарлық талаптары таныстырылды. Сондай-ақ, мектеп жасындағы балаларға зиянды өнімдерді сатуға жол бермеу қажеттілігі ескертілді.#eskeli _bilim