20
октябрь
2025
Музыка, көркем еңбек, бейнелеу өнері және алғашқы әскери дайындық пән бірлестігінің апталығы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің « С.Сейфуллин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын - орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқу жоспарына сәйкес директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Л.Базильбекованың басқаруымен 2025 жылдың 20 қазан күні музыка, көркем еңбек, бейнелеу өнері және алғашқы әскери дайындық пән бірлестігінің апталығы ашылды. Апталықтың мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын нақты анықтау, зейінін тұрақтандыру, баланың мінез құлық ерекшелігін жетік білу, дарындыққа тәрбиелеу. Әдістемелік бірлестік жетекшісі А.Ахметова.