15
февраль
2023
«Ауған ардагерлеріне тағзым» атты кездесу
“Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “С.Сейфуллин атындағы орта мектеп МДШО” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 15.02.2023 ж интернациолист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауған ардагерлеріне тағзым» атты кездесу кешін ДТІЖО Наушабаева А.К. педагог ұйымдастырушы Кабдуллаев Н.Н ұйымдастырды. Іс-шарамыздың негізгі мақсаты оқушыларға ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету; ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру болып табылады.Кешіміздің қонағы ауған соғыс ардагері Мыңбаев Марал ағамыз өзінің соғыс даласында болған оқиғаларымен бөлісті, оқушылар сауалдарын қойып, ізгі тілектерін білдірді. Мектеп кітапханашылары Есимова Т.К, Рыскулова Г.Т «Ауған от жалыны» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Сонымен қатар «Қанекей жігіттер» тақырыбында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Мұратбек М жас ұрпақты әскери патриоттық рухта тәрбиелеуге арналған жарыс ұйымдастырып, командалар I,II,III орындармен марапатталды.