05
сентябрь
2023
“Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы” тақырыбында өткізілген жалпықазақстандық ашық диктант іс-шарасына қатысты.
05.09.2023 ж.күні Сейфуллин орта мектебінің 9,10, 11 сынып оқушылары “Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы” тақырыбында өткізілген жалпықазақстандық ашық диктант іс-шарасына қатысты. Алаш қайраткері, ақын, публицист Мағжан Жұмабаевтың туғанына биыл 130 жыл толды. Диктант жазу барысында оқушылар Мағжан Жұмабаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы жөнінде ақпараттар алып, еңбектері туралы мәліметпен танысты.


