05
сентябрь
2022
«Қазақстан халқы тілдері күні»
Сейфуллин орта мектебінде 5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай «Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тіл білімінің атасы» атты мерекелік іс-шара өтті. Тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін, елін сүйе білуге үйрететін бұл іс-шараға жоғары сынып оқушылары белсенді қатысты. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармашылығына кеңінен тоқталды.