23
ноябрь
2022
«Дене шынықтыру» бағдарламаның мақсаты
«Дене шынықтыру» бағдарламаның мақсаты оқушыларды дене шынықтырудың негіздерімен таныстыру болып табылады, нақты айтқанда, олардың спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене шынықтыру (физикалық) қабілеттерін меңгеруімен қатар, салауатты денені шынықтырудың дамуына ықпал етеді. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі – сыныптан тыс жұмыстар. Оның мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, бос уақытын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімдердің шығармашылық қызметін шыңдауға жол ашады.Осы мақсатқа сүене отырып,спорттық саласы бойынша,Сейфуллин атындағы орта мектебінде, «Грек-рим» спорттық секциясы өтуде. Нағыз кәсіпқой күресшілер «француз күресі» деп атаса, әуесқойлар «грек-рим» деп атады. Біздің елімізде 1948 жылы Бүкілодақтық денешынықтыру мен спорт комитеті спорттық күрес түрлеріне екі бірдей атауды бекітті. Француз немесе грек-рим күресі «классикалық» деп, ал «еркін-американдық» «еркін күрес» деген атауға ие болса, сол кезегі «еркін» күрес “самбо”- деген атауға ие болды. Нәтижесінде 1991 жылы «классикалық» күрестің атауы «Грек-рим» болып өзгертілді.Аталған мектепте «Грек-рим» спорттық секциясының жетекшілері Нугманов Әділет Губерович және Қуанышбеков Айбек Кенесбекович, Сейфуллин тындағы орта мектептің түлектері. Қазіргі кезде шәкірттері көптеген жетістіктерге жетіп қуантып келеді.Жеңістеріңіз көп болсын!!