05
сентябрь
2024
Ата-аналар жиналысы
С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде 5-6 қыркүйек күндері 1-11 сыныптар аралығында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді. Жиналыста қаралған өзекті мәселелер: балалардың қауіпсіздігі, буллинг және кибербуллинг, мектеп формасы, оқушылардың сабаққа қатысуы, біртұтас тәрбие бойынша таныстырылып, сонымен қатар ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы туралы айтылды. Ата-ана жиналысында хаттама жазылды. 2024-2025 оқу жылдарына арналаған ата-аналармен келісім шарты таныстырылып қол қойылды. Жауапты: ДТІЖО А.Наушабаева, 1-11 сынып жетекшілері. 




