16
октябрь
2024
«Қазақ әдебиетінің Ақсұңқары» атты әдеби кеш
Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектепте 15 қазан күні Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен Сыршыл ақын Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай «Қазақ әдебиетінің Ақсұңқары» атты әдеби кеш өтті. Шара барысында оқушылар домбырамен, жанды дауыста Сәкеннің әнін орындаумен қатар, “Сәкен оқулары” тақырыбындағы ақын шығармасын жатқа оқу сайысы ұйымдастырылып, ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы құнды ақпараттармен бөлісті. Кештің мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу болып табылады. Кеш соңында өнерін көрсеткен барша оқушылар тиісінше мараппаталып, көрермен ықыласына ие болды.

