29
ноябрь
2024
Информатика, физика, математика пән бірлестіктерінің апталығы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «С.Сейфуллин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын - орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылында 18 қараша мен 29 қараша күндері арасында информатика, физика, математика пән бірлестіктерінің апталығы болып өтті. Апталықтың тақырыбы: Функционалдық сауаттылықты арттыру. Апталықтың мақсаты: Мұғалімдердің педагогикалық және кәсіби шеберлігін, құзырлығын және сабақ беру әдістемесін үздіксіз жетілдіру, шығармашылық денгейін жоғары сатыға жетуіне ықпал ету.









