“Жасыл клубтың” ашылу салтанаты
Бүгін С.Сейфуллин атындағы орта мектепте “Жасыл клубтың” ашылу салтанаты өтті. «Жасыл клуб» жобасының басты мақсаты – өскелең ұрпақты қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, бау-бақша егумен жақын таныстырып, биология және өсімдік шаруашылығы саласындағы жасөспірімдердің білімін кеңейту және қызығушылығын арттыру, еңбекке баулып, экологиялық сауатты мінез-құлықты қалыптастыру, оқу орындарын көгалдандыруға үйрету.