мектеп тарихы » "Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі "мемлекеттік мекемесінің "C.Сейфуллин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"С.Сейфуллин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
апрель
2017

мектеп тарихы

 

Сейфуллин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Мектеп тарихы

Кеңес өкіметі кезінде 1924 жылы "сауатсыздық жойылсын" қоғамы ұйымдастырылып,еңбекші халықты сауаттаныруға көп көңіл бөлінді. Қазақстанда балаларға міндетті төрт сыныптық бастауыш білім беру жөніндегі заң қабылданып,1930 жылы Елтай ауылында 4-жылдық мектеп іргесі қаланды.Талдарық,Еңбек, Жамбыл, Өтенай, Елтай ауылдарының балалары осы мектепке қатынап оқитын болды.

 

1930-1940жылдары аралығында өкімет тарапынан біраз қаржы бөлініп мектеп оқу-құрал жабдықтарымен қамтамасыз етті. 1941-1945 жылдары сұрапыл соғыс жүріп жатқан кезде, одан кейінгі жылдары да оқушыларға дјріс беру тоқтаған жоқ. Ауыл жастарына білім беруде мектеп біраз табыстарға қол жеткізді.1950 жылдардың аяғына таман жалпыға бірдей жетіжылдық білім алу міндеті жүзеге асуына байланысты, ынтасы бар балаларды одан јрі білім алуына жағдай жасалды. Бастауыш сыныптарында қол еңбегі сабағының жүргізілуіне көп көңіл бөлінді.1926 жылы мектеп "Елтай сегіз жылдық мектебі" деп аталды.1963 жылы "С.Сейфуллин атындағы орта мектеп статусы беріліп аудандағы аралас мектеп қатарына кірді. Өйткені мектепте 19 ұлттың баласы білім алып, 70-тен астам мұғалім қызмет етті. Осы мерзімде еңбекке баулу мамандығына байланысты білім беру де ерекше қолға алынды. Мұның өзі болашақ ауыл шарушылық мамандарын даярлауға үлкен көмек болды.Атап айтқанда, 1926 мектеп оқушыларының өндірістік бригадасы ұйымдастырылып колхоздың егістіктерінде,фермаларында жұмыс жасап жоғары нјтиже көрсетіп жүрді .Жоғары көрсеткіштері үшін 1972 жылы Алматы, Ыстықкөл, Москва, Ленинград,1987 жылы Украина, Севастополь қаласына, 1988 жылы Обь, Енисей,өзендерне, 1989жылы Красноярск-Киевке оқушылар тегін жолдамамен саяхат жасады. Еңбекпен оқуды тығыз байланыстыра, өсіп келе жатқан азамат бейнесі јр қырнан ашылып, рухани байлығы, адамгершілік қасиеті қалыптасты. Бір ауылда 19 ұлт болғандықтан олардың достығын ынтымақтастырып, қарым-қатынас нығайта түсуде ұстаз-мұғалімдер көп еңбек сіңірді. 1986 жылы 1200 орынды жаңа мектепке көшті. Мектеп шеберханалары ең жаңа құрал-саймандармен жабдықталанып тјжірбиелі мамандармен қамтамасыз етілді.Жоғары сынып оқушылары бұрғылайтын, ағаш, өңдейтін станоктармен, үй шаруасына қажетті түрлі құрал жабдықтар шығарды.

 

1930 жылы-"Елтай 4- жылдық мектебі" 

1962 жылы-"Елтай 8 жылдық мектебі" 

1963 жылы -"С.Сейфуллин атындағы орта мектеп" 

1996 жылы- С.Сейфуллин атындағы орта мектебі 

Мектепте директорлық қызметті атқарғандар: 

1953-1964 ж.ж. Искаков Сахан Искакович 

1964-1966 ж.ж. Чепурченко Виктор Николаевич 

1966-1968 ж.ж. Сейтимов Мұсатай Сейтимович

 1968-1970 ж.ж. Жетпісбаев Сембай 

1970-1972 ж.ж. Ажикенова Гүлсім Ажикеновна

 1972-1974 ж.ж. Тұяқбаев Балтабай Алъменович

 1974-1975 ж.ж. Нұртазин Дәуітпек

 1975-1987 ж.ж. Ботабаев Асемхан Ботабаевич

 1987-1992 ж.ж. Лятиев Рифхат Кешфиддинович

1992-1993 ж.ж. Тұяқбаев Балтай Алъменович

 1993-2001 ж.ж. Қалқанбаев Шаханбек Қалқанбаевич 

2001-2004ж.ж. Базарбеков Асқар Ерболайұлы 

2004- Шуйкембаев Серік Смағұлұлы

Похожие публикации:

09 сентябрь 2020 Мектеп әкімшілігі
03 апрель 2017 cабақ кестесі
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив