08 декабрь 2021 0 1 2 3 4 5 Бала құқығы – басты құндылықтардың бірі Отанымыздың ертеңі де, өркені де – бүгінгі ұрпақ. Сол ұрпақтың тәлімді де тәрбиелі болуы алдыңғы толқынның парызы мен қарызы десек, еш қателеспейміз. Осыны ел болғалы бері Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтып қана қоймай, қолдан келген барлық мүмкіндікті жасап келеді. Мемлекет басшысы өзінің «Ұлы дала ұлағаттары» атты кітабында ұрпаққа қызмет көрсету сөз емес, істе басым тұру керектігін тарқата келіп: «Жастар біздің болашағымыз» дегенді жиі айтып жүреміз. Алайда айту бар да, оның мағынасына терең бойлау тағы бар. Бір қарағанда, бәрі де түсінікті. Әйтсе де, солай болуы үшін жұмыс жасаудың мәні тіптен бөлек», деп қадап тұрып айтқаны бар. Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті осы үдеден шығу жолында тиісті жұмыстар атқарып келеді.