11
ноябрь
2022
Қараша айында жас мамандарға арналған аудандық “Педагогикалық дебют-2022” байқауы өтті.
Қараша айында жас мамандарға арналған аудандық “Педагогикалық дебют-2022” байқауы өтті. Бұл байқауға Сейфуллин атындағы орта мектебінің жас маманы Абилханова Динара қатысып, “Зерттеуші жас маман” номинациясын иеленді. Мектебіміздің жас маманы өз пәні бойынша сабақты жоспарлау,білім беру технологияларын меңгеру және әдістемелік ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білді. Алдағы уақытта да Абилханова Динараға шығармашылық табыс тілейміз