09
май
2023
Отан үшін отқа түсіп, қан майданда кеудесін оққа тосқан батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес
Отан үшін отқа түсіп, қан майданда кеудесін оққа тосқан батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес. Елінің амандығы, жерінің азаттығы жолында қолына қару алып, жауға қарсы тұрған ардагерлердің құрметіне 9 мамыр күні Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылдық округінің әкімшілігі, әкім А.Е.Саскебаев бастаған, мектеп, балабақша, аурухана қызметкерлеріҰлы Отан соғысында құрбан болғандардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.Өз өмірін қиып, Отанымыздың тәуелсіздігі, бейбіт күн мен бостандық үшін күрескен ерлерге, тылда жанқиярлықпен еңбек етіп, жеңісті жақындатуға үлес қосқан еңбеккерлерге біздің алғысымыз шексіз!