27
декабрь
2024
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестіктерінің апталығы
Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «С.Сейфуллин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын - орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024-2025 оқу жылында 16 желтоқсан мен 27 желтоқсан күндері арасында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестіктерінің апталығы болып өтті. Мақсаты: Тарихи тұлғалардың шығармаларын оқи отырып, оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейту, функционалдық сауаттылығын арттыру. Онкүндік жоспары мектеп директорымен бекітіліп, өткізілген ашық сабақтар өз денгейінде өтті.
