Сейфуллин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын – орталығымен» КММ-нің мектеп директоры-Тамышева Дильбар Асимовна.
«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің « Сейфуллин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын - орталығымен» КММ-нің
мектеп директоры
Тамышева Дильбар Асимовнаның
ӨМІРБАЯНЫ
Мен, Тамышева Дильбар Асимовна 1967 жылы 29 қаңтарда Талдықорған облысы, Панфилов ауданы, Баскунчи ауылында дүниеге келдім.
1982 – 1986 жылдары Панфилов педагогикалық училищесін бітіріп өз ауылымдағы Крылов атындағы орта мектебінде педагогикалық жұмысымды бастадым.
1987-1993 жылдары І. Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтына түсіп, «Қазақ мектептерінде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша білім алдым.
1989 жылы Талдықорған қалалық комсомол комитетінде инструктордың жұмысын істедім.
1991 жылы Талдықорған ауданының С. Сейфуллин атындағы орта мектепте мұғалім болып жұмысымды жалғастырдым.
1996 жылдан бастап Алматы облысы Ескелді ауданы, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып өзінің еңбек жолын бастады. 1997-2009 жылдары аталған мектепте мектеп директорының тәрбие жұмысының орынбасары, 2009 жылдан мектеп директорының әдістеме жұмысының орынбасары және қазақ сыныптарында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім.
2016 жылы Педагогикалық шеберлік орталығының Талдықорған қ. «Қалыптастырушы бағалау бойынша үйлестіруші», 2017 жылы ПШО Білім беру ұйымдары басшыларының курсы, 2018 жылы ПШО «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен жаңартылған білім беру» бағдарламасы бойынша курстан өтіп, кәсіби біліктілігімді арттырдым.
2020 жылы Республика көлемінде «Қашықтықтан оқыту жағдайында «Lesson study» үдерісін жүргізу жолдары тақырыбында республикалық вебинарды өткізді. Осы жылы «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өткіздім. 2020 жылы облыстық «Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушы құзіреттілігін қалыптастыру және нәтижеге қол жеткізу жолдары» жинағында мақалам жарияланды.
Дильбар Асимовна – өзінің кәсіби шеберлігін көрсете білетін ұстаз.
2017 жылы «Қалыптастырушы бағалау – табысқа жету баспалдағы» тақырыбында облыстық семинарға белсене қатысқаным үшін Алғыс хаты берілді. 2019 жылы «Көп жылғы еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жетістіктері үшін» ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты, Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталығының Алғыс хаты, 2020 жылы «НұрОтан» партиясының Алғыс хатымен марапатталдым.
2021 жылдың 14 сәүірден бастап «Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
« Сейфуллин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын – орталығымен» КММ-нің мектеп директоры болып тағайындалдым