Наурыздың 24 күні біздің мектепте «Оқу сауаттылығы күні» тақырыбы бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Омарова А.Т. аттестациядан өтетін мұғалімдерге арнайы эссе жазу тәртібі туралы шебер – сынып өткізді.

Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сейфуллин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын - орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Наурыздың 24 күні біздің мектепте «Оқу сауаттылығы күні» тақырыбы бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Омарова А.Т. аттестациядан өтетін мұғалімдерге арнайы эссе жазу тәртібі туралы шебер – сынып өткізді. Омарова А.Т. эссені қалай жазу керек, сонымен қатар эссенің құрылымы қандай болатыны туралы айтты. Шебер –сыныптың соңында ұстаздар «Науырыз – жыл басы» тақырыбына эссе жазды. Эссенің көлемі 250-300сөз болуын ескеріп, мәтінді «Word» форматында компьютерге тергізді. Осындай жұмыстар мұғалімдердің аттестациядан өту кезеңінде эссе жазу дағдысын қалыптастыру мақсатында жиі жүргізіледі.