11
апрель
2017
Ата-аналарға
Ата-ананың құқығы мен міндеттері
Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлыөзгерістерге байланысты.Қазір қоғам жан - жақты үйлесімі жетілдеген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр . Қай заманда да ойшыл педагогтар адам бойындағы теріс қылықтар мен жаман мінез-құлықтар әлеуметтік құрылыстың кемшіліктерінен туады. Халық экономикалық тұрмыс жағдайларын, тіршілік - күйін өзгерту керек. Сонда адамның өзі де өзгереді деп тұжырымдалған.
Жас адамды есті, саналы сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден бір парызы. Өйткені,"Ес түзілмей, ел түзілмейді" олай болса егеменді еліміздің болашағы отбасында талбесіктен басталып, оқу-тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.
Жас ұрпақты осы тұрғыда тәрбиелеуде отбасы маңызды орын алады. Отбасы - адамзат тербеткен ұя болса, "Баланың бас ұстазы-ата-ана". Бұлар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын, тылсым дүние жұмбақтарын танатап, талғым-талғамға әдіптілікке баулиды.
Сондықтан да мектеп пен ата-аналар тығыз байланысты болу қажет. Көптеген ата-аналар өз құқығы мен міндеттерін дұрыс атқара алмайды. Баланың алдында ата-ана өз міндетін дұрыс атқара білуі тиіс.
Заман талабына сай болатын адамды үлкен өмір жолына шығару үшін ата-ана
2. Білім алуына көмектесіге.
3. Жүйелі білім алуға жағдай жасауға.
4. Үнемі ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, мұғаліммен кездесуге баланың мектептегі өмірімен танысу.
5. Баласына ұлттық, патриоттық, имандылық, ұлтжандылық тәрбие беруге міндетті.
6. Өзі міндетті болып, үлгі көрсетуге міндетті.
7. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келетін, арақ тағы басқа улы заттардан ауцлақ болуға үйрету.
Сонымен қатар, ата-ана өз құқығында білу керек.
2. Кез келген мектеп отырысының ұсынысын талқылауға қабылдаған шешімдерді бақылауға құқылы.
3. Білім беру әдісімен келіспеушілік салдарынан, баласын басқа мектепке, басқа сыныпқа ауыстыруға, немесе таңдауға құқылы.
4. Мектеп шаруашылығынан жеке жинақ бөліміне, кооперативтік бастама арқылы бекітілген қызығушылық сабақты ұйымдастыруға құқылы.
5. Мектептің және сыныптың қоғамдық өміріне қатысуға ұсыныс, пікір айтуға құқылы.
6. Баласының мектеп бітіру, сыныптан-сыныпқа көшіру емтихан жұмысының қорытындысын білуге құқылы.
Ата-ананың жауапкершілігі
1. Балаға деген адамгершіліксіз әрекет жасағаны үшін жауапты.
2. Баланың жетіліп адам болуына дұрыс, лайық жағдай жасамағаны үшін жауапты.
3. Мұқғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты.
4. Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалуына жауапты.
5. Баланың адамгершілік тәрбие алу үшін, өз жануясында бірлік пен татулықты ұстауға жауапты.
6 Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына, бақылау жасауға жауапты.
7. Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінгі баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.